СОТ BEK AIR-ГЕ ҚАТЫСТЫ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ШАҒЫМЫН ҚАРАУДЫ БАСТАДЫ

Алматыда Түркісіб аудандық соты Bek Air-ге қатысты тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің шағымын қарауды бастады. Бұл туралы сауда министрлігі мәлімдеді. Еске салсақ, тұтынушылар құқын қорғау комитеті Бекэйрден билет сатып алған жолаушылардың қаражатын қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінген болатын. Былтыр Алматы маңайында ұшағы апатқа ұшыраған әуекомпаниясынан мыңнан аса билет сатып алған 560 қазақстандық комитетке шағымданған. Билеттің жалпы сомасы 37 млн теңгені құрайды. Компания бұған дейін клиенттеріне 300 млн теңгені қайтарып берді. Келесі сот отырысы 13 мамырда бейне форматта өтеді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу