СТАТИ ІСІ: ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕКТІ МӘРТЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Статилер тағы жеңілді! Англия сотында Қазақстанның «BNYM» банкінде бұғатталған активті 530 миллион долларға дейін қысқартуға қол жеткізілді. Яғни, Қазақстан Үкіметінің мүддесін қорғаушы адвокаттар Анатол мен Габриэл Статидің 2017 жылы сотта алаяқтық жасағанын дәлелдей алған. Енді америкалық «BNYM» банкінің Лондандағы бөлімшесінде жатқан Ұлттық банктің 22 млрд долларын бұғаттаудан босатуға жол ашылды. Ақпарды Әділет министрлігі хабарлады. «Қазақстан Үкімет алдады» деп 2003 жылдан бері халықаралық арбитржды соттарға шағым жасап жүрген қос бизнесмен 530 млн доллар алуды қалайды. Бұл жолғы процесс 4 күн жалғасқан. Шағым Англияға 2017 жылы Бельгия сотынан келіп түскен. Яғни, даулы істе олар төрелік жасауы тиіс болған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу