Кезекті рет даудың астында қалған «Астана» университетінің жұмысы жарты жылға тоқтауы мүмкін. Білім және ғылым министрлігі аталған оқу ордасына қатысты тексерісті бастап кетті. Болашағына алаңдаған студенттердің шағымына қарағанда, білім ошағындағы жағдай тым күрделі: бітіргендері дипломдарын әлі күнге дейін ала алмай жүрсе, биылғы студенттер, тіпті, мұғалімдерінің бет-жүзін көрмепті. Тәлімгерлермен тілдеспек түгілі, университет басшылығы білдей ведомствоның өкілдерін де адам құрлы көрмей отыр. Бұл әрекеттен жағасын ұстаған әріптесім Гүлжайна Өмірбек наразы білімгерлермен бірге оқудың қашан басталатынын анықтауға тырысты.