Т. ҚҰЛЫБАЕВ: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ УӘЖІН ҮКІМЕТКЕ ЖЕТКІЗЕМІЗ

Кәсіпкерлердің уәжін Үкіметке жеткіземіз. Алайда, бизнес қауымдастықтың өзі белсенділік танытуы керек. Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Өңірлік кеңес өкілдерімен кездесуде осылай деді. Өнлайн-жиында ойын ортаға салғандар көкейкесті қиындықтарын жеткізді. Мәселен, Қостанай облысының шаруалары агротехниканың утилизациялық жинағын алып тастауды немесе азайтуды сұрап отыр. Айтуларынша, жыл сайын аймақтың фермерлері шетелден 300 трактор мен 200 комбайн сатып алады. Утилизациялық жинақ үшін ғана 7 млрд теңге шығындалатын көрінеді. Пандемия кезеңінде бұл қиындық тудыруда дейді кәсіпкерлер.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу