Т. ҚҰЛЫБАЕВ ПЕН Қ. БОРАНБАЕВ ЗАМАНАУИ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІН СЫЙҒА ТАРТТЫ

Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев КОВИД-19-бен күресуге заманауи жедел жәрдем көліктерін сыйға тартты. Алматы әкімдігінің сұранысы бойынша 8 темір тұлпар мобильді орталық ретінде ауруханаларға берілген. «Форд Транзит» негізіндегі көліктер соңғы үлгідегі медициналық техникамен жабдықталған. Онда электро-кардиограф, өкпені жасанды желдету аппараты, оттегі ингаляторы және тағы маңызды құрылғылар орнатылған. Дәрігерлер мұнда жедел түрде экспрес сынамалар өткізе алады. Сондай-ақ, шалғай аудандардағы жағдайы ауыр науқастарды жылдам тасымалдауға мүмкіндік береді. Жылжымалы мобильдік орталықта дәрі-дәрмектер мен 2000 литрлік залалсыздандыру заттары бар. Көлік жүргізуші мен дәрігерлер толықтай қорғаныс құралдарымен жабдықталған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу