Такистке пышақ сұққан екі адам қамауға алынды

Талдықорғанда такси жүргізушісін пышақпен ұрып, көлігін тартып алып, пайда таппақ болғандар ұсталды. Қолға түскендер 2001 жылғы азамттар болып шықты. Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, ұсталғандар такси шақырып, арам ойларын жүзеге асыру үшін қала шетіне жол тартқан. Айналада ешкім болмаған сәтті жолаушылардың біреуі жүргізушінің мойынан пышақпен ұрып, айдалаға тастап кеткен. Көлікті болса бөлшектеп сатуды көздеген. Ал жедел әрекет еткен полиция өкілдері қарақшыларды облыстан шыға берісте қолға түсірген. Олардан екі пышақ тәркіленді. Ұсталғандар Сарқан ауданының 2001 жылы туылған тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта олар Талдықорған қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру бабы бойыншы іс қозғалып, тергеу басталды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу