ТАЛАП ОРЫНДАЛМАСА, АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ: МИНИСТР ТУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕЖЕСІН ТҮСІНДІРДІ

Тудың ұлттық стандарттары сақталуы тиіс. Егер талап орындалмаса айыппұл салынады. Сондықтан қарапайым азаматтар көк байрақты арнайы дүкендерден сатып алуы керек. Осылай деген мәдениет министрі рәмізді пайдаланудың ережелерін түсіндірді. Егер ту дұрыс ілінбесе, басқа заттар кедергі келтірсе, кірлесе, жерге салбырап тұрса, теріс қаратылса әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, көк байрақты майлықтарға және басқа да бірреттік заттарға, киімге, төсек-орын жабдығына қолдануға болмайды. Естеріңізге сала кетейік, 3-ші желтоқсанда Үкімет басшысы туды балконға және нысанның қасбетіне ілуге рұқсат беретін қаулыны бекітті.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу