ТАНЫМАЛ БОКСШЫ Г. ГОЛОВКИН ИНВЕСТИЦИЯЛАҒАН КӨМІР БАЙЫТУ ӨНДІРІСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ?

1. ТАНЫМАЛ БОКСШЫ Г. ГОЛОВКИН ИНВЕСТИЦИЯЛАҒАН КӨМІР БАЙЫТУ ӨНДІРІСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ?

Қарсыласына шақ келтірмейтін атақты боксшы Геннадий Головкин бүгін журналистердің қаламына арқау болды. Әдеттегідей, жеңісімен емес, ісімен, спортшы емес, бизнесмен ретінде назарға ілікті. Әңгіме Головкиннің өзі ақша құйған Қарағандыдағы фабрика туралы болып отыр. Боксшының қаржылай үлес қосуымен ашылған көмір байыту өндірісінде ши шықты. 

2. 500-ДЕН АСТАМ ҚЫЗМЕТКЕР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН

«Осы ашылу салтанатында айтылған сөздер сағымға айналып кетпей ме?» деп фабрика қызметкерлері қорқып отыр. 500 Еңбеккер, тіпті, жұмыссыз қалуы мүмкін. KAZ Феррит көмір байыту кәсіпорының өкілдері бүгін бар мәселені жайып салды. Жұмыскерлердің дүрлігуіне не түрткі болып отыр? Наразы топпен Айман Сағатай тілдесті.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу