ТАРАЗДА МЕКТЕП ДӘРЕТХАНАСЫНДА ҚЫЗДЫ ЗОРЛАҒАН АДАМҒА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Таразда мектеп дәретханасында 12 жастағы қызды зорлаған адамға қатысты сот үкімі шықты. Ер-азамат 25 жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталушы химиялық кастрациядан өткізіледі. Бұған қоса, жәбірленушіге 5 млн теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуі тиіс. Естеріңізге сала кетейік, былтыр қараша айында 7-ші сынып оқушысын қаскөй дәретханада зорлап кеткен болатын. Бақылау камераларында қылмыскердің мектеп айналасында бір сағат жүргені көрінеді. Бірақ оқу орнының қызметкерлерінің ешқайсысы күдікті адамға назар аудармаған. Мектеп директоры, орынбасары, мұғалім және вахтер қызметінен босатылды. Сондай-ақ, Президент осы оқиғаға байланысты Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты жұмыстан босатуды тапсырған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу