Тәжікстанда шекара заставасына шабуылдаған топтың ДАИШ террористері екені анықталды

Тәжікстанда шекара заставасына шабуылдаған қарулы топтың ДАИШ террористері екені белгілі болды. Аталған елдегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, тергеу кезінде олардың мемлекет шекарасын 3-ші қараша күні бұзып кіргені анықталды. Террористер «Ишкабад» шекара заставасын қолайлы санап, лаңкестік әрекет жасамақ болғанын мойындады. Қазір жедел тергеу тобы тергеп-тексеруді жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, 6-шы қарашаға қараған түні сағат 3-тер шамасында 20 адамнан тұратын қарулы топ Тәжікстан шекарасына шабуыл жасады. Күш құрылымдарының жедел әрекеті кезінде 15 қылмыскердің көзі жойылып, 5-еуі қамауға алынған. Қақтығыс барысында шекарадағы 1 әскери мен Ішкі істер министрлігінің қызметкері қаза тапты. Осы оқиғадан кейін қазақстандық саясаттанушылар еліміздегі және жалпы Орталық Азия мемлекеттерінің күштік құрылымдары сақадай-сай дайын болу керектігін айтып отыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу