ТЕНДЕР: 20 ТЕПЛОВИЗОРҒА 20 МЛН ТЕҢГЕ - АЗ БА, КӨП ПЕ?

Сovid-ті пайдаланып, шенділер тағы да тендерді майшелпекке айналдырып жатыр. Бұл жолы Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Мемлекеттік сатып алу сайтына шамадан тыс баға көрсетіп, қатарынан 2 тапсырыс бергені анықталды. Біріншісі, 6-шы мамырда «KazNetUniversal» фирмасымен арада жасалған. Оған сәйкес, 20 дана тепловизор үшін бюджеттен 20 млн 160 мың теңге төленіпті. Ал интернеттегі ашық дүкендерде адам температурасын өлшейтін мұндай құралдың ең қымбаты 500 мың теңге тұратынын байқауға болады. ЗКТ: Екінші тапсырыс - өкпеге жасанды дем беруші аппарат. Облысқа оның да 20 данасы қажет болыпты. Біреуіне 23 млн теңге төлеп, жалпы 460 млн теңге шығындалған. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Біржан Досмайыловке осы мәселе бойынша хабарласқан едік. Айтуынша, тапсырыс арнайы комиссияның шешіміне өткен.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу