ТЕҢІЗ КЕН ОРНЫНДА ТАҒЫ 90 ЖҰМЫСШЫ КОРОНАВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРДЫ

Теңіз кен орнында тағы 90 жұмысшы коронавирусты жұқтырды. Оның жетеуі әйел, қалғаны ер-азаматтар. Қазіргі таңда науқас саны 359-ға жетті. Індетке шалдыққандармен байланыста болғандар медициналық бақылауға алынды. Жалпы ауру тараған 17 ошақ анықталып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Жедел штаб өкілдері кен орнынан 16 мың 200 азаматты көшірген. Қалған 800 адамды алдағы уақытта шығару жоспарланып отыр. Сондай-ақ теңіз кенішінде 80 орынға арналған стационар құрылды. Онда ауру белгілері байқалмаған 35 азаматтан Covid19 анықталған. Естеріңізге сала кетейік, кен орнында бірінші науқас 8-ші сәуірде тіркелді. Бүгінде 64 жұмысшы індеттен жазылды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу