«ТЕҢІЗ» КЕНІШІНДЕГІ КАРАНТИН ҰЗАРТЫЛДЫ

«Теңіз» кен орнындағы карантин мерзімі 12 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген. Осыған байланысты мұнда көліктің кіріп-шығуын шектеу шаралары әлі де сақталады. Кен орны аумағында персоналдардың сағат 21:00-ден ертеңгілік 5-ке дейінгі аралықта ғана жүруіне рұқсат берілген. Полиция қызметкерлері карантин ережесін назарда ұстау үшін видеокамера арқылы қабатаралық және бөлмеаралық қозғалысты бақылайды. Осылайша, Теңіздегі карантин тағы екі аптаға созылды. Бүгінде Атырау облысындағы коронавирусқа шалдыққандардың саны 980-ге жетті. Оның 88 проценті Теңізде тіркелген.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу