ТЕЗ ДАЙЫНДАЛАТЫН ОҢТҮСТІК КОРЕЯЛЫҚ КЕСПЕНІ САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Елімізге тез дайындалатын оңтүстік кореялық кеспені импорттауға тыйым салынды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес аталмыш өнімді сатуға да шектеу қойылды. Өйткені оның құрамындағы сояның мөлшері артық екені анықталған. Талапқа сәйкес, ол 0,9%-дан аспауы керек болса, тексерген өнімдегі соя 1,45%-10,25%-ға дейін жеткен. Сондықтан кеспелер дүкен сөрелерден алынып, өндірушіге компанияларға кері қайтарлады. Ал, келісім шартсыз алынған өніп тәркіленетін болады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу