ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстанның Ұлттық Олимпиалалық Комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми іс-шараларына қатысты. Отырыста Халықаралық Олимпиада Комитеті президентінің есебі тыңдалды. Сессия жұмысы барысында 2024 жылғы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасын Оңтүстік Кореяның Канын мен Пхенчхан қаласында өткізу туралы шешім қабылданды. Одан бөлек, Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада Комтетінің қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік даму Комиссиясының отырысына қатысты. Қызметтік іссапар аясында Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің президенті Лозаннадағы үшінші жасөспірімдер ойындарының олимпиадалық қалашығына ат басын тіреп, қазақстандық спортшылармен кездесті. Бұл күндері Лозаннада 15-18 жас аралығындағы спортшылардың басын қосқан жасөспірімдер Олимпиадасы өтуде. Олардың қатарында 26 қазақстандық спортшы бар.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу