ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ ПЕН ҚАЙРАТ БОРАНБАЕВ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСКЕ 1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ

Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев коронавируспен күреске 1 млрд теңге бөлді. Қаражат Halyk қамқорлық қорынан беріледі. Осылайша ақшаны қауіпті дерт шыққан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары әкімдіктері өзара бөліп алады. Айта кетейін, бұл белгілі кәсіпкерлердің бірінші қайырымдылық шарасы емес. Бұған дейін Арыста болған жағдайдан кейін, қаладағы мектептер мен бала-бақшаларды орнына келтіру үшін дәл осындай қомақты қаражат берген.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу