Тоқаевтың Қырымға қатысты пікірі Қазақстан-Украина дипломаттарының кездесуіне түрткі болмақ

Тоқаевтың Қырымға қатысты пікірі Қазақстан мен Украина дипломаттарының кездесуіне түрткі болуы мүмкін. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі мамандарының айтуынша, кездесуге Украинаның елшісі Иван Кулеба келеді деп күтілуде. Жиынның өтуіне де Украина тарапы бастамашылық танытыпты. Еске салайын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Дотче Велли радиостанциясына берген сұхбатында, Қырымның Ресейге қосылуын аннексия деп санамайтынын айтқан. Ал ресми Киев болса, Қазақстан басшысының бұл пікірін әлем растаған саясатқа қарама-қайшы деп мәлімдеді. Ал белгілі саясаттанушы Ермұхамет Ертісбаев болса мемлекет басшысның сұхбаты Қазақстан мен Украинаның қарым-қатынасына сызат түсірмейді деген ойда.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу