ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА КЕЗДЕСЕТІН КЕДЕРГІЛЕР

2019 жылы Елордада 200-ден астам колледж түлегі жұмысқа тұрған. Бұл жайында қалалық Атамекен кәсіпкерлер палатасының өкілі хабарлады. Сөзінше былтыр іске қосылған қаладағы 8 Атамекен мобильді орталығының арқасында жас түлектерге жұмыс табу жеңілдей түскен. Осы орайда бас шахардағы колледждердің бірінде түлектермен кездесу өтуде. Дәл қазір сол жерден тікелей байланысқа шығуға әріптесім Қарлығаш Темірбайқызы дайын. 

Түлектердің жұмысқа орналасуы кезінде көптеген кедергілер болатыны белгілі. Атап айтқанда тәжірибенің жоқтығы, аға-көке сияқты қолдаушылардың болмауы, әрине жемқорлық жағдайлары. Осы орайда айта кетйін,  2019 жылы білім саласында 187 заң бұзу фактісі тіркелген. Сотқа жеткендерінің 161-і жемқорлық фактісі екені анықталды.  Оның ішінде жұмысқа тұру кезінде берілген пара мен сұралған ақша да бар. 

Мирас Қарғабай - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас сарапшысы 
Айнұр Кәрібозова - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу