ТҰРҒЫНДАР ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕРДЕН БОСАТЫЛАДЫ

Алматылықтар жыл соңына дейін коммуналдық төлемдерді төлемеулеріне болады. Қала әкімдігі елдегі жағдайға байланысты осындай шешім қабылдады. Бірақ бұл төлемдерден мүлдем босатылады деген сөз емес. Жылу, электр қуаты, лифт, су және өзге де шығындардың барлығын тұрғындар кейінге шегеріп, асықпай өтеуге мүмкіндіктері бар. Айта кету керек мұндай шешім тек жеке тұлғаларға қатысты. Ал заңды тұлғалар барлығын уақытылы өтеулері керек. Кез келген азамат коммуналдық мекемелердің сайтына немесе телефондарына қоңырау шалып, өз өтініштерін қалдыра алады. Мамандардың мәліметінше осы күнге дейін коммуналдық төлемдерді кешіктіргені үшін қала тұрғындарына бірде-бір айыппұл салынбаған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу