ТУРИЗМ САЛАСЫ ТАБЫСЫН ЖОҒАЛТУДА

Ал туризм нысандары табысын жоғалтуда. Сондықтан осы саладағы кәсіпкерлер сақтық шараларын жеңілдетуді талап етуде. Ақмола облысындағы демалыс және сауықтыру орындары 2 ай бойы тоқтап тұр. Сондықтан біраз кірістен қағылды. Туристік нысан иелері жоқ дегенде жаз келісімен жұмысты бастауға рұқсат беруді сұрап отыр. 20-ыншы наурызда жұмысын тоқтатқан шипажайлардың бірі – Бурабайда орналысқан. Демалыс орны санитарлық талаптарды сақтауға әзір. Бірақ ол – қосымша шығын. Шипажай болса, 2 айда шамамен 50 миллион теңге кірістен қағылды. Бұл бір ұжым бойынша ғана. Ал облыста барлығы 700-ден астам туристік нысан бар. Олардың қол жеткізе алмай қалған табысын есептеп жатқан ешкім жоқ. Мамандар жылдағы көрсеткіштің жартысын орындасақ, сол тәубе дейді. Қазір нысандар қаңырап бос тұр. Қызметкерлер жұмыссыз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу