ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ BEK AIR ӘУЕ КОМПАНИЯСЫН СОТҚА БЕРДІ

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті Бек Эйр әуе компаниясын сотқа берді. Бұған дейін аталған әуе компаниядан билет алып, ақшаларын қайтара алмай жүрген 20 азаматтың шағымы түрткі болған. Олар аталмыш әуе компаниясына тиесілі түрлі рейстерге 444 мың 434 теңгеге билет сатып алған. Жауапты орган Бек Эйр көрсетілмеген қызмет үшін алынған ақшаны осы уақытқа дейін қайтармай келеді деп мәлімдеді. Ал әуе компаниясы болса, ақшаны ұшу бойынша сертификат қайта беріліп, билет сату жүйесі қалыпқа келгенде ғана өтей аламыз деп тілге тиек етті.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу