УАҚЫТША ТІРКЕЛГЕН ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРГЕ САРЫ ТҮСТІ АРНАЙЫ НӨМІР БЕРІЛЕДІ

Күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік нөмірі бар көліктерді тіркеуге тағы бір жыл бергесін, жауаптылар оның қалай іске асатынын түсіндірді. Еуразиялық Экономикалық одақтан әкелініп, уақытша тіркелген көліктерге арнайы нөмір беріледі. Сары түсті бұл нөмірдің шетінде 18-ші саны көрсетілген. Ал оның сериясы тіркелген адам санының кезегіне байланысты жазылады. Сондай-ақ, автокөліктің техникалық төлқұжатына 2021-ші жылдың 1-ші наурызына дейін жарамды деген белгі соғылады. Темір тұлпарын осылай заңдастырғысы келгендер арнайы қызмет көрсету орталығына баруы тиіс және бұл қызмет ақылы болады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу