ҰБТ-НЫҢ БІРІНШІ КҮНІНДЕ 164 ТҮЛЕК ОҚУҒА ТҮСУ МҮМКІНДІГІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде-ақ 164 түлек оқуға түсу мүмкіндігінен айырылды. Себебі, олар ережені бұзып, тыйым салған заттарды алып өтпек болған. Тәртіпке бағынбағандардың басым көпшілігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген. Сондай-ақ, 150-ге жуық талапкер тест тапсыру орталығына келмей қалды. Жалпы биылғы емтихан жайында тікелей байланысқа шыққалы тұрған әріптесім Арай Сүгірбай айтып беруге әзір.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу