УХАНЬ ҚАЛАСЫНАН СТУДЕНТТЕРДІ АЛЫП КЕТУГЕ ҚЫТАЙ РҰҚСАТ БЕРМЕЙ ОТЫР

Ухань қаласынан қазақстандық студенттерді алып кетуге қатысты әлі шешім шықпады. Денсаулық министрі Елжан Біртановтың сөзінше, Қытай билігі қаланы карантинге жапқандықтан, рұқсатын әзірге бермей отыр деді. Десе де, Қазақстан тарапы ұшағын сайлап, дәрігерлерін дайындап, қажетті құрал-жабдықтарын әзірлеп қойған. Дерт асқына түскеннен кейін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық төтенше жағдай жарияланды. Еліміз де осыған қатысты шаралар күшейтілді. Тек Қытаймен ғана емес, басқа елдермен шекаралас аумақтар да бақылауға алынды. Барлық елімізге келген азаматтар медициналық тексерістен өткізілуде. Әзірге коронавирус жұқтырды деген адам Қазақстанда тіркелген жоқ.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу