УХАННАН ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДАН КОРОНАВИРУС БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛМАДЫ

Ухан қаласынан елге эвакуацияланған қазақстандықтардан коронавирус белгілері анықталмады. Бұл жөнінде еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Дегенмен, дерттің инкубациялық кезеңі екі аптаға жалғасатын болғандықтан карантинге жатқызылғандар әзірге ешқайда жіберілмейді. Олардың қал-жағдайын білмек болып, біздің түсірілім тобы қала сыртындағы ауруханаға барып келді. Толықырақ Алмас Мұсабектің репортажында.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу