ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА ЗӘБІР КӨРСЕТЕТІНДЕР ҮШІН ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ

Үй жануарларына жәбір көрсететіндер үшін жаза енді қатайтылмақ. Снежанна Имашева бастаған бір топ депутат қазір Қылмыстық кодектің 316-шы бабының қайта қаралуын қолға алып жатыр. Құжат жыл соңына дейін мәжіліс қарауына берілуі мүмкін. Қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес, жануарларға зорлық-зомбылық жасағандар тек айыппұл төлеп құтылады. Оған жуырда ғана иттің басын тоңазытышқа қысып қинаған азамат пен күшікті тірідей өртеп жіберген қос жеткіншек оқиғасы мысал. Ескі заңды көтеріп, жаңасы жайында ақпарат жинаған тілшіміз Маржан Жұмабайдың материалында толығырақ.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу