ҮКІМЕТ 30 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ТАУАРЫН ТЕГІН ҮЛЕСТІРМЕК

Үкімет 30 млрд теңгенің тауарын тегін үлестірмек. Мұндай көмек аз қамтылған отбасыларға көрсетіледі. Мектеп жасына дейінгі және оқушы балаларға азық-түлік жиынтығы мен тұрмыстық химия заттарының жиынтығы жеткізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, топтамаларды жергілікті әкімдіктер жеткізушілер арқылы отбасылардың үйіне – тұрғылықты жеріне дейін апарып береді. Бірақ тегін тауарды алушылар тарапынан түрлі шағым айтыла бастаған. Сондықтан қай гипермаркеттен алатынын отбасылар өзі таңдайды. Осы орайда, еліміздің 3 мегаполисі мен қалаларында ірі сауда орындарымен келісім жасалған.  

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу