ҮКІМЕТ: КОРОНАВИРУСТАН ҚОРҒАНУҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ 3,5 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКІЗІЛДІ

Коронавирустан қорғануға бөлінетін қаржы 3,5 млрд теңгеге жеткізіледі. Бүгін мәжіліс қабырғасында Қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай деп, қауіпті дерттен сақтануды күшейтетіндігін мәлімдеді. Бұған дейін 30-ші қаңтарда Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның жетекшісі, вице-премьер Бердібек Сапарбаев қорғану шараларына 1,5 млрд теңге бөлінетінін айтқан еді. Енді, міне, Үкімет резервінен тағы қосымша 2 млрд теңге бөлінбек. Берілген қаржыға Денсаулық сақтау министрлігі бүкіл ауруханалар қорын қажетті құрал-жабықтармен қамтамасыз етіп қоюы тиіс.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу