ҮКІМЕТ ПЕН ӘКІМДІК АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА ҚАТАҢ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУГЕ МІНДЕТТЕЛДІ

Елімізде тек 2 айға ғана жеткілікті картоп қоры қалған. Есесіне астық резерві ішкі нарықтан артылып тұр. Ауыл шаруашылығы министрі бүгін Президентке осылай деп есеп берді. Қасым-Жосарт Тоқаев Нұр-Сұлтан іргесіндегі логистикалық орталықтың біріне барып, ішкі жұмысын тексерген болатын. Мұнда шамамен 6 млн тоннаға жуық азық-түлік сақталады. Осы жерден жақын маңдағы өңірлерге сұраныстың түсуіне қарай тауар жөнелтіледі. Жалпы бас қала аумағында 7 логистикалық кешен орналасқан. Онда 37 мың тоннаға жуық әлеуметтік тұрақтандыру өнімдері сақталған. Қосымша 7 көкөніс қоймасы тағы бар. Президент мұндай ең бастысы - алып-сатарларға халықтың жем болмауын қадағалауды ескертуде. Әрі Үкімет пен әкімдіктегілерге азық-түлік бағасына қатаң мониторинг жүргізуді тапсырды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу