Үкімет: шалғайдағы 880 елді-мекен кең жолақты интернетке қосылады

Үкімет шалғайдағы тұрғын саны 250 адамнан асатын 880 ауылды кең жолақты интернетке қоспақ. Бүгін мәжіліске Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі Асқар Жұмағалиев осындай жоспарын таныстыра келді. Қазір елде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүріп жатыр. Бірақ интернеттің сапасына ауылды қойып, қалаларда да жақсы емес. Бұған қатысты бірқатар депутаттар да ашық пікірлерін айтуда. Солардың бірі - Дархан Мыңбаевпен тілшіміз Құралай Пионер тікелей эфирде тілдеспекке дайын тұр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу