ҮКІМЕТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ РЕСЕЙЛІК ВАКЦИНАНЫ САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАУ ҮШІН МӘСКЕУГЕ БАРАДЫ

Үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады. Сапар тамыз айының екінші жартысына жоспарланған. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге жолдаған жеделхатта жазды. Бұған қоса, Мемлекет басшысы Ресей Президентін COVID-19 індетіне қарсы әлемдегі ең бірінші вакцинаның тіркелуіне орай құттықтап, бұл оқиға Ресей ғылымының жоғары әлеуеті мен беделін нақтылай түскенін атап өтті. Сондай-ақ, ресми Мәскеудің індетпен күресуде Қазақстанға көрсеткен көмегін жоғары бағалады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу