ҰЛТТЫҚ БАНК БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕНІ САҚТАП ҚАЛДЫ

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Бұл кезектен тыс қабылданған шешім болатын. Себебі Қазақстандағы ахуалға сыртқы бірқатар факторлар кері әсерін тигізіп отыр. Коронавирустың таралуы мұнай нарығындағы тұрақсыздық, әлемдегі ірі экономикалық іскерлік байланыстардың төмендеуі сауда мен өндіріс қызметтерінің көрсеткіштеріне ықпал етуде. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімі 8 маусымда жарияланады деп күтілуде.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу