Ұлттық банк: қолма-қол ақшасыз төлемдерді тексеру ұсынысы талқылануда

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді тексеру қалыптасқан тәжірибе. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бүгін мәжіліс қабырғасында осылай деп, Қаржы министрлігінің бастамасына қатысты түсініктеме берді. Қазір қос ведомство бірігіп, оның механизмін реттеуге кіріскен. Бірақ Үкіметтің бастамасына кәсіпкерлер құқығын қорғаушы, депутат Азат Перуашев үзілді-кесілді қарсы. Себебі бұл шағын кәсіпті дамыту емес, аяқтан шалу болмақ дейді. Ал тексеруді офшорға ақша тыққан миллионерлерге жүргізуге кеңес беріп отыр. Тараптардың тартысы Құралай Пионердің материалында.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу