ҰЛТТЫҚ БАНК ТЕҢГЕНІ ҚОЛДАУҒА НАУРЫЗДА 1,5 МИЛЛИАРД ДОЛЛАР ЖҰМСАДЫ

Ұлттық банк теңгені қолдау үшін наурызда 1,5 миллиард доллар жұмсады. Бұл туралы Ұлттық банк өкілі Әлия Молдабекова мәлімдеді. Оның айтуынша, пандемияға байланысты және мұнай бағасы құлдырағаннан кейін теңге құнын жоғалтып жатыр. Жыл басынан бері төл валютамыз бірден 16 пайызға немесе 60 теңгеге арзандаған. Сондай-ақ, Ұлттық банктің ноталарына ақша құйған шетелдіктер 80 млрд теңгесін қайтарып алған. Сондықтан, 10 наурызда реттеуші валюта нарығын тұрақтандыру үшін интервенция жүргізді. Алғашқы 800 млн доллар франкфурт аукционы жарияланған күні сатылды. Орталық банк Ұлттық қорға да қатысты түсініктеме берді. Қазір Ұлттық қордың активтерінің көлемі 2,5 млрд долларға азайып, 57,5 млрд долларды құрады. Молдабекованың айтуынша, оның екі себебі бар.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу