ҰЛТТЫҚ БАНК: ТИІМСІЗ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТОҚТАТЫЛУЫ ТИІС

Тиімсіз, шығынды ақтай алмайтын мемлекеттік бағдарламалар тоқтатылуы тиіс. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов осындай мәлімдеме жасады. Айтуынша, экономикалық өсуді арттыруда олардың механизмін қайта қарамаса, дені арзан несие алудың ғана тетігіне айналып барады. Әрі қайтарымы жоқ. Тындырылған іс те некенсаяқ. Мәселен, 2015-2019 жылдары мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыруға 4,3 трлн теңге шығындалыпты. Ал бұл бір жылдық республикалық бюджеттің 40%-ына тең қаржат. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу