Ұлттық бюро: жемқорлық фактісімен сотталғандар мерзімінен бұрын бостандыққа шықпауы тиіс

Жемқорлық фактісімен сотталғандар мерзімінен бұрын бостандыққа шықпауы тиіс. Ұлттық бюро басшысы Алик Штекбаев бүгін агенттіктің алқалы жиынында осындай тосын мәлімдеме жасады. Әсіресе, бұл ірі және аса ірі көлемде қаржы жымқырып, пара алған шенеуніктерге тікелей қатысты. Әйтпесе, бюджеттің миллиардтаған ақшасын жымқырып, бірақ жазасын соған сай өтемей шығу тенденциясы қалыптасып барады. Әрине, әзірге бұл жай ғана ұсыныс. Президент мақұлдаса, заң жүзінде бекітілуі мүмкін. Алқалы жиында тағы нендей жаңалықтар айтылды, тілшіміз Құралай Пионер толықтырсын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу