ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАР ТЕК ОТАНДЫҚ ТЕКСТИЛЬГЕ ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ МІНДЕТТЕЛЕДІ

Келер жылдан бастап ұлттық компаниялар отандық тауарларға тапсырыс беруге міндеттеледі. Соның ішінде текстиль өнімдеріне. Үкімет пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті арттырудың осындай жол картасын құрып жатыр. Бүгін осы мақсатта тексильшілердің тұңғыш съезі өтті. Онда Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр қарапайым экономиканы қолдауға бюджеттен 600 млрд теңге жұмсалатынын, әрі индустриализациялау бағдарламасы тағы 5 жылға ұзартылатынын мәлімдеді. Ал Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, бір «Қазақстан темір жолы» компаниясының Жолауышылар тасымалы жылына 3 млрд теңгеге төсек жабдықтарын алады екен. Егер осы тапсырыс орындау толықтай отандық кәсіпкерлердің қолына өтуі тиіс.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу