ҰОК: ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

Еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындық барысын тексерді. Байрақты бәсекеге 178 күн қалғанда еліміздегі басты олимпиадалық ұйымның департамент және бөлім басшылары аралық жұмысын қорытындылап, есеп берді. Былтырдан бастап Ұлттық Олимпиадалық Комитеті спортшылардың дайындығын бақылап, ұлттық құраманың бас бапкерлерімен тұрақты тілдесіп отыратын арнайы топ құрылған болатын. Спортшылардың шетелдегі жаттығу жиындары мен халықаралық сындар, сондай-ақ, арнайы іріктеу жарыстарындағы дайындығы Олимпиада комитетінің басты назарында. Айта кетелік, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан командасы спорттың 14 түрі бойынша 27 олимпиада лицензиясын ұтып алды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу