ҰШАҚ АПАТЫ: ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ТЕРГЕУ АМАЛДАРЫН БАСТАДЫ

Ішкі істер министрлігі Алматы түбінде болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ведомство сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Соңғы мәлімет бойынша, Алматы маңындағы Қызылту ауылындағы әуе апатынан 15 адам көз жұмған. Олардың қатары әлі артуы мүмкін. Себебі, зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Түрлі дене жарақатын алғандар шұғыл ауруханаға жеткізіліпті. Апақта ұшырағандардың ішінде шетел азамтары да болған. Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке сенсек, ұшақ бортындағылардың 2 Украина азаматы, 1 Қырғызстан азаматы, 1 Қытай азаматы, қалғаны Қазақстан азаматтары. Ал оқиға орнында шұғыл-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу