ҮСТЕМАҚЫ АЛМАҒАН АУРУХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Ақ халаттылар жанайқайын жеткізді. Бұл жолы елордадағы №2 көпбейінді аурухананың қызметкерлері адал ақыларын даулап, арнамызға арызданды. Қатарынан бірнеше карантинді бастан өткерген мамандар уәде етілген үстемақы алмағандарын айтады. Шыдамы таусылған дәрігерлер мекеме басшыларынан қандай да бір түсініктеме алуға тырысты. Тартыстың немен аяқталғанын әріптесім Алмас Амангелді айтып береді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу