В.ЛОКШИН: ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ӨМІРГЕ БАЛА ӘКЕЛУДІ ТОҚТАТА ТҰРУ КЕРЕК

ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛА ӨЛІМІ КӨБЕЙДІ
COVID-19 ДЕМОГРАФИЯҒА КЕРІ ӘСЕР ЕТЕ МЕ?

Covid-19 пандемиясы жалғызбасты адамдардың көбеюіне және туу деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. АҚШ-тың PNAS әлеуметтік-медициналық ғылыми зерттеу журналы осындай жаңалығын жариялап, кейбір елдердегі  халық саны күрт төмендейді, - деді. Яғни, әлемдегі демографиялық ахуал нашарлайды. Бұл тізімде Қазақстан бар ма? Түскі форматтың сараптама бөлімінде осы сұраққа жауап береміз. Ол үшін біріншіден статистикалық мәліметтерді назарларыңызға ұсынайын. Өкінішке орай биыл 1 жасқа дейінгі бала өлімі өткен жылмен салыстырғанда артқан. Оған мына сызба дәлел. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2019 жылдың  маусым, шілде, тамыз айларында 1 жасқа дейінгі 780 бала өлімі тіркелсе, биыл осы үш айда 908 нәресте шетінеген. Яғни, өткен жылғыдан бала өлімі 128-ге артқан. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу