ВИЦЕ-МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМ ОРЫНБАСАРЛАРЫНА ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛЕДІ

Министрлер мен әкімдердің орынбасарларына жаңадан біліктілік талаптары енгізілмек. Мәжіліске осындай өзгешелігі бар заңды Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешев таныстырды. Оның пайымдауынша жекелеген саяси лауазымдарға қойылатын талапты Президент бекітеді. Сондай-ақ, биыл еліміздегі 90 мың мемлекеттік қызметкердің санын 5 пайызға қысқартып, жалақыларын өсіру көзделуде. Заң жобасына олардың жұмысқа орналасуы барысында жарияланатын байқаудыі тәсілдері де жеңілдемек.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу