Вице-премьер: Қытайдан қауіп жоқ!

Қытайдан төніп тұрған қауіп жоқ. Вице-премьер Жеңіс Қасымбек ресми Бейжіңмен бірлесіп іске асатын 55 кәсіпорынға байланысты осындай түсініктеме берді. Айтуынша, бұл бар болғаны экономикалық бағыттағы жобалар. Бірақ Қытай тарапынан қаржыландырылып, технологиясы енгізіліп жатқан. Осы аптада елдің бірнеше қаласында тұрғындар наразылыққа шығып, «55 Қытай зауытының жұмыс істеуіне» қарсылықтарын білдіріп, биліктен бұл зауыттарды елден шығаруды талап еткен болатын. Толығырақ тілші тарқатсын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу