ҚЫРҒЫЗСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ПАРЛАМЕНТ СПИКЕРІМЕН ИМПИЧМЕНТ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Парламенттің су жаңа спикері Мыктыбек Абдылдаевпен импичмент мәселесін талқылады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Толғанай Стамалиева хабарлады. Айтуынша, Заңды Президент мемлекетті құқықтық қалыпқа қайтарып, тездетіп тұрақтылық орнатуға үмітті. Жээнбеков Жогоргы Кенеш спикерін келісімге келуге шақырды. Президент тіпті кадрлық өзгерістер туралы жарлыққа қол қоюға дайын екенін білдіріпті. Толгонай Стамалиева Сооронбай Жээнбеков Бишкектен ешқайда кетпегенін де айтты. Қаперде болса, ақпарат құралдарында мемлекет басшысының жоғалып кеткені туралы жазылған болатын. Өз кезегінде Қырғыз Президенті бүгін халыққа кезекті үндеу жасап, байланысқа шықты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу