ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ НЕГЕ ТӨМЕНДЕТІЛМЕЙДІ?

Зейнет жасы төмендетілмейді! Бұл тақырып жабылды! Оған Үкімет басшысы Асқар Маминнің өзі нүкте қойды. Бұған дейін халық  арасында осы мәселе бірнеше рет көтеріліп, заңды қайта қарау керек деген ұсыныс айтылған.  «Халықтық коммунистер» фракциясы бір емес бірнеше рет көптің көкейіндегі түйткілді мәжілісте қаузап, депутаттық сауал да жолдады. Бірақ жауап көпшілік үміттенгендей болмады. Еліміздегі зейнет жасы өзгеріссіз қалады 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ЖЫЛ САЙЫН 6 АЙҒА КӨТЕРІЛЕДІ

Қазақстандағы ерлер зейнетке 63 жастан, әйелдер 59 жастан шығады. 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айға көтеріледі.Бұл дегеніміз мысалы әйелдер зейнетке биыл 59,5 жастан шықса, келесі жылы 60 жасқа толғанда зейнеткер атанады деген сөз. Сөйтіп 2027 жылға дейін жарты жылдан қосылып, 63 жасқа толғанда шығады.  Бұл заң тағы да айтайын, әзірге өзгермейді. Оған бірнеше себеп бар. Қандай екенін скайп арқылы байланысқа шыққан мамандардан білеміз. Сондай-ақ спикерлер еліміздегі зейнет жасын неге төмендетуге болмайтынын да айтады.

 Мыңжылқы Сайлауұлы Бердіқожаев,  «ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасы» нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі
 Жалғасбек Ақболат, экономист 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу