Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай алуға болады?

Үкімет азаматтар үшін зейнетақы қорындағы ақшаны алуға мүмкіндік беретін жобаның механизмін жасауға кірісіп кетті. Вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазір жауапты құрылымдар есеп-қисапты бастаған. Дегенмен, алдын ала болжам бойныша, ақшаны алу жинақ шоттандағы салым мөлшеріне тікелей қатысты болмақ. Мұны реттеуге Президент Үкімет пен Ұлттық банкке жыл соңына дейін уақыт берген. Қасым-Жомарт Тоқаев кеше халыққа жасаған алғашқы жолдауында Зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруды тапсырып, жұмыс істейтін азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат берілетінін мәлімдеген. Бірақ екі мақсатта. Яғни, баспана сатып алу мен білім алуға үшін ғана алынуы тиіс.    

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу