ЗЕЙНЕТАҚЫ САЛЫМЫН БАСПАНА АЛУҒА ЖҰМСАУ ТҰРҒЫН ҮЙ НАРЫҒЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Зейнетақы салымын баспанаға жұмсау тұрғынүй нарығына  қалай әсер етеді?  Бұл мәселеге қатысты риэлторлардың пікірі екіге жарылды. Кейбір мамандар баспана бағасы 20-30 пайызға көтеріледі деген пікірде. Өйткені,  үйге деген сұраныс артады.  Сәйкесінше, пәтер бағасы да қымбаттауы мүмкін.  Алайда, басқа сарапшылардың ойынша, жыл сайын іске қосылатын мемлекеттік бағдарламалардың нарыққа айтарлықтай әсері болмайды. Сондықтан, бұл  бағдарлама да еш өзгеріс әкелмейді. Еске сала кетейік, зейнетақы қорының 720  мыңнан астам  салымшысына жинағын алуға рұқсат берілуі мүмкін. Оның 80 пайызы үй мәселесін шешуге жұмсамақшы. Алайда, алматылықтардың пікірінше, алуға болатын соманың шекті деңгейі үлкен. Сондықтан, оны кез келген салымшы ала алмайды. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу