Ж. БЕКШИН: КОРОНАВИРУС ҚАЗАҚСТАНҒА ЕРТЕҢ КЕЛУІ МҮМКІН

Коронавирус Қазақстанға күні ертең келеді. Үрейді ұшыратын мұндай мәлімдемені еліміздің Бас санитар дәрігері жасады. Сөйтсе, бұл ғалымдардың математикалық моделі арқылы шыққан болжам екен. Десе де, «жан-жақтан жалмап жатқанда, дерт Қазақстанды айналып өтуі мүмкін емес»,- дейді мамандар. Сондықтан дәрігерлер сақадай-сай отыр. Алыста жүрсе де, коронавирус Қазақстанның қазынасын да қақпай қоймады. Тіпті, Қаржы министрі: «жоспарымызды күл-талқан етті»,- деп шағымданды. Есіктен сығалап, табалдырықты аттағалы тұрған коронавирустың қалай елімізге енетінін әріптесім Арай Сүгірбай біледі.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу