ЖАЛАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУДІ ҚАЙТА ҚАРАУ ҰСЫНЫЛДЫ

Күрделі әлеуметтік шиеленіс туған кезде ғана бір реттік төлеммен шектелеміз. Бұл халықтың шынайы өмір сүру деңгейін көтермейді. Осылай деген парламентарий Айқын Қоңыров жалақыны есептеуді өзгерту керек деген ойда. Оның пайымдауынша кедейлік шегін, ең төменгі күнкөріс деңгейіне теңестіру керек. Себебі, орташа айлықты тек математикалық көрсеткішпен жариялау көпшілікті алдаумен бірдей. Статистиканы ыңғайлы етіп есеп бергеннен елдің жағдайы жақсара қоймайды, - деді депутат.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу