Жаңа туған нәрестенің өліміне дәрігерлер кінәлі

Жаңа туған нәрестенің өліміне дәрігерлер кінәлі. Пара алды және берді деген күдікке ілінген Атырау облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевқа қатысты осындай жаңа дерек анықталды. Нақтырақ айтсақ, сәби дүниеге келгенде одан ешқандай тіршілік белгісі байқалмаған. Сол себепті де әйелді босандырған акушер-гинеколог құжатты «бала өлі туылды» деп толтырып жіберген. Ал, салқындатқыш камераға салар алдында шақалақ аяғын қимылдатқан көрінеді. Бірақ, бұдан хабардар болған бас дәрігер оны аман алып қалуға ешқандай да әрекет жасамапты. Қазіргі таңда Қуаныш Нысанбаев пен орталықтың акушер-геникологына қатысты ҚК «қасақана адам өлтіру бабы» бойынша іс қозғалған. Сондай-ақ, тексеріс барысында соңғы екі айда 40-тан астам бала өлімі тіркелгені анықталған. Медицина саласында болып жатқан сорақылыққа қатысты Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы да айтарға сөз таппады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу